«Кітапхана ісі» мамандарының республикалық олимпиадасы өтеді



    • «Кітапхана ісі» мамандарының  республикалық олимпиадасы  өтеді

      АЛМАТЫ. 30 НАУРЫЗ. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – 20-21 сәуір Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Кітапхана ісі» білім  беру  бағдарламасы  бойынша  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  ХІV Республикалық пәндік  олимпиадасын өткізіледі.

      Олимпиаданың  мақсаты студенттердің  бойына патриоттық, азаматтық тәрбие  беру, кітапхана  ісіне  деген құрметін қалыптастыру, кітапхана пәндерін оқу  барысында  ерекше  қабілет пен қызығушылық танытқан студенттерді  анықтау. 

      Қатысуға  өтінімдер 2022 жылдың 11 сәуіріне  дейін  қабылданады.

      Ұйымдастыру  комитетінің  мекен-жайы: Алматы  қаласы, Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әйтеке би көшесі, 99 (Сейфуллин көшесінің  қиылысы), Бас  оқу  ғимараты,  Кітапханатану  және  библиография кафедрасы, 213 кабинет.

      Олимпиадаға  1-4 курс студенттері қатыса алады. Команда құрамы  4 қатысушыдан тұруы керек.

      Олимпиадаға  қатысу шығындары  (жол ақысы, жататын орны) жіберуші  тараптың есебінен төленеді.   

       «Кітапхана ісі»  білім беру бағдарламасы бойынша студенттік пәндік Олимпиада – командалық сайыс түрінде 3 кезең бойынша өткізіледі.

      • І тур. Команданың сәлемдесуі үй тапсырмасы ретінде орындалады. Тапсырмада кітапхана саласындағы тәжірибелік жұмысқа, шығармашылық бөлімдерге бағытталуды, мәнін, ерекшеліктерін қамтитын мамандық таныстырылады.
      • ІІ тур. Командалардың ситуациялық және «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша сұрақ-жауап сайысы. Әр командаға 1 (бір) ситуациялық және 2 (екі) «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы аясында сұрақтар беріледі.
      • ІІІ тур. Кітапхана қызметіне байланысты ғылыми жоба жасау және қорғау.

      «Жаңа көзқарас – жаңа кітапхана» (кітапхана жұмысында жаңа технологияларды енгізу және қолдану);

      «Кітапханалық-ақпараттық ортадағы балалардың кітап оқуы» (Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай)

      Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне құжаттарды өткізу тәртібі

      Олимпиадаға қатысу үшін қажетті құжаттар:

      1. Үлгіге сәйкес толтырылған өтінім (қосымша 1).
      2. Команда құрамын студенттердің Республикалық студенттік пәндік олимпиасына қатысуға ұсыну туралы ЖОО ғылыми кеңесінің хаттамасынан көшірме.
      3. Команда құрамы және жетекшілері туралы мәлімет.

      Олимпиадаға қатысу үшін аталған құжаттарды 2022 жылғы 11 сәуірге дейін үлгіге сәйкес толтырып, ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет.

      Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

      Алматы қаласы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әйтеке би көшесі, 99 (Сейфуллин көшесінің қиылысы), Бас оқу ғимараты, Кітапханатану және библиография кафедрасы, 213 каб.

      Өтінім үлгісі мен Олимпиада ережелерімен толық танысу үшін Университет сайтының хабарландыру бөлімінде оқи аласыздар.

      Байланыс телефондары

      Ұялы тел.: +7 701 313 40 24 Нұржанова Гүлмира Исатайқызы

      e-mail: nurzhanova.gulmira.24@gmail.com

      Ұялы тел.: +7 778 352 09 90 Байдарова  Айзада Қыдырбайқызы

      e-mail: aizada.baidarova@gmail.com

      Ұялы тел. : +7 707 934 91 98  Бектемір Ақнұр Әбибуллақызы

      e-mail:aknur.bektemir@gmail.com

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: