DMUK Careers Fair 2022: Арманыңдағы жұмысты тап!



    • DMUK Careers Fair 2022: Арманыңдағы жұмысты тап!

      АЛМАТЫ. 24 наурыз. Баспасөз орталығы – QyzPU University түлектері мен 4-курс студенттерінің назарына! 2-3 сәуір күні De Montfort University Kazakhstan қабырғасында «DMUK Careers Fair 2022» мансап жәрмеңкесі өтеді. Баршаңызды Қазақстандағы британдық университеттің тұңғыш филиалынан британдық тамаша оффлайн форматындағы мансап конференциясына қатысуға шақырамыз!

      DMUK Careers Fair 2022 – Сізге өзіңіз армандаған жұмысты халықаралық ірі компаниядан тауып алуға және HR мамандарымен бейресми жағдайда кездесуге мүмкіндік береді.

      Іс-шараға еңбек нарығында өзіндік орны бар 50-ге жуық ірі халықаралық және жергілікті компания қатысады. Сондай-ақ конференция барысында AIFC, Chevron, Kolesa, MARS, Danone сынды компаниялардың топ-менеджерлері воркшоп, презентациялар мен кездесулер өткізбек.

      Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://dmuk.edu.kz/dmuk-career-fair-2022

      Бірқатар жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату және тамаша #DMUKxperience бағдарламасының бір бөлігі атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

      Кіру тегін.

      DMUK Careers Fair 2022 деген не?

      • Қазіргі өзекті бос жұмыс орындары туралы біле аласыз;
      • Халықаралық және ұлттық компанияларға қызметкерлерді қабылдау процесімен танысасыз;
      • Сіз өзіңіздің болашақ мансабыңыз үшін қазірден бастап қажетті дағдыларды қаншалықты дамытып жүргеніңіз туралы білесіз.

      Неліктен мен DMUK 2022 жәрмеңкесіне қатысуым керек?

      • Көптеген жұмыс берушілермен біз мезгілде, бір жерде танысу мүмкіндігін береді;
      • Қазіргі күнде өзекті болып отырған бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді;
      • Сіз ірі-ірі компаниялардың HR мамандарынан пайдалы кеңес аласыз;
      • Белгілі бір компанияға өзіңіз туралы түйіндемені қай кезде жіберген дұрыс екендігі туралы білесіз;
      • Қызметкерлерді қабылдау практикасы мен жоспарлары жөнінде талқылау мүмкіндігін аласыз.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: