Асхат Аймағамбетов QyzPU студенттерімен кездесті



    • Асхат Аймағамбетов QyzPU студенттерімен кездесті

      АЛМАТЫ. 24 наурыз. Баспасөз орталығы – Алматыға іс-сапары аясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне келді.

      Ведомство басшысы студенттік қоғаммен кездесіп, білім және ғылым салаларында жүзеге асып жатқан жаңашылдықтар  жайында жан-жақты әңгімеледі. Сонымен қатар сапар барысында министр оқу орнына тиесілі жатақханаларды аралап, ондағы білім алушыларға жасалған жағдаймен танысты.

      Кездесу туралы Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында былай деп жазды:

      «Көздері жанып тұрған жастармен жиі кездесемін және олардың шығармашылық идеялары мен кейде қиын сұрақтарын қуана тыңдаймын. Бұл жолы болашақ ұстаздармен түлектердің кәсіби аттестаттау тақырыбын талқыладық. Сондай-ақ мұғалімдердің мансаптық перспективалары, мектеп пен университет арасындағы өзара байланыс, педагогикалық тәжірибедегі өзгерістер және кез келген жұмыста ұстануға тиіс принциптер, яғни академиялық адалдықтың маңызы туралы әңгіме өрбіттік.  Көптеген сұрақ пен қызықты идеяға толы кездесу болды»

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: