QyzPU футзалшылары – ұлттық лига жеңімпаздары



    • QyzPU футзалшылары – ұлттық лига жеңімпаздары

      АЛМАТЫ. 18 наурыз. Баспасөз орталығы – Университетаралық Ұлттық студенттер лигасының іріктеу кезеңінде QyzPU футзал құрама командасы жеңімпаз атанды.

      Естеріңізге салсақ, алғаш рет ұйымдастырылып отырған Ұлттық студенттер лигасы жоғары оқу орындар арасында 6 спорт түрінен өтуде.

      Шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында қыздар арасындағы студенттік спорт пен футзалды танымал ету және дамыту болды. Сол себептен футзалдың да әлеуметтік бағытын көрсету үшін студенттік әуесқой футзалды дамыту, студенттерді спорт пен футзал құндылықтарымен таныстыру, студенттер арасында футзалдан қыздар арасындағы ел чемпионаттарын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

      Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының футзалдан әйелдер құрамасы үшін қор құрып, студенттер арасында халықаралық аренаға шығаруды жоспарлауда.

      Құрама университет базасында жаттықтырушылары «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Бисариев Ибрагим Бекешұлымен жақсы дайындық жүргізіп, нәтижесі ретінде Университетіміздің футзал командасы арулары финалдық кезеңге берілген екі жолдаманың алғашқысына ие бола алды.

      Айта кету керек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университет футзал командасы 2006 жылдан бастап, республикалық сайыстар, спартакиадалар, жазғы және қысқы универсиадаларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

      QyzPU University футзалшылары 18-22 сәуір аралығында Нұр-Cұлтан қаласында өтетін дайындығын бастап кетті.

      Футзалшы аруларымызға алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz          

      Бөлісу: