QyzPU Ректоры шетелдік студенттермен кездесті
-
15 наурыз, 2022
АЛМАТЫ. 15 наурыз. Баспасөз орталығы - Қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия елінен келген шетелдік студенттермен кездесті.
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде Халықаралық ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді.
Студенттің академиялық ұтқырлығы – білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.
Университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысының нәтижесінде 2021-2022 жылдың көктемгі семестрінен бастап Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізінде Түркия елінің Нийде Өмер Халисдемир университеті 2 курс студенттері Фуркан Северлер мен Жейда Гөчмен және 3 курс студенті Алпер-Туфан Дейірменжі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қазақ тіл білімі теориясы мен әдістемесі» және «Филология білім беру» бағдарламалары бойынша дәріс алуда.
Басқарма төрағасы Гүлмира Қанаймен болған танысу сұхбатында студенттер Қыздар Университеті жайлы өз әсерлерімен бөлісіп, бағдарламаның тиімді тұстары жайлы әңгімелеп берді.
- Көктемгі семестрден бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатырмын. Біз үшін бұл өте тиімді жоба. Тарихымыз тамырлас қазақ елінің білікті мамандардан дәріс алып жатқанымызға қуаныштымын, – дейді Жейда Гөчмен.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: