QyzPU ғалымының жаңа монографиясы жарық көрді
-
11 наурыз, 2022
АЛМАТЫ. 11 наурыз. Баспасөз орталығы – QyzPU University кітапханасы ғалымдарымыздың жаңа ғылыми еңбектерімен толығуда. Атап айтқанда, PhD, Биология кафедрасының профессор міндетін атқарушы Анар Қалиеваның авторлығымен монография жарық көрді.
Автордың «Ошаған туысының (agrimónia) биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және оқыту» атты монографиясында ошаған өсімдігінің дәрілік түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері мен зерттеу нәтижелері көрсетілген. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерін оқу үдерісінде қолданудың тиімді әдістері көрсетілген.
– Қазіргі таңда дамыған елдердің ғылыми жұмыстарының көпшілігі жаңа технологиямен дәрілік өсімдіктерден препараттар алуға бағытталған. Осыған орай, Қазақстанның таулы аймақтарында өсетін дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және оның нәтижелерін оқыту үдерісінде тиімді пайдалану бүгінгі күнде үлкен маңызға ие. Бұл монография осы мақсатта шығарылды, – дейді Анар Қалиева.
Монография биология саласы бойынша жоғары оқу орындарының мамандарына, PhD докторанттары, магистранттары мен студенттеріне арналған.
Ғылыми еңбек «Кіріспе», «Ошаған туысының (agrimónia) биологиялық ерекшеліктерін зерттеу», «Ошаған туысын (agrimónia) зерттеу нәтижелерін оқу үдерісінде қолдану әдістемесі», «Қорытынды», «Библиография» және «Қосымшалар» тарауларынан тұрады.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: