«Көктем аруы – 2022» байқауы өтті (Фоторепортаж)



    • «Көктем аруы – 2022» байқауы өтті (Фоторепортаж)

      АЛМАТЫ. 4 наурыз. Баспасөз орталығы – Халықаралық әйелдер күніне орай QyzPU-да «Көктем аруы» байқауы ұйымдастырылды. Сұлулар сайысында 14 бойжеткен бақтарын сынады.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің АКТ залында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Кәсіптік білім кафедрасының ұйымдастыруымен 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Көктем ару 2022» атты байқау өтті.

      Байқаудың негізгі мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған сұлулық қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

      Байқауға дайындық барысында бойжеткендер түрлі мәдени бағдарламаларға қатысып, сән агенттіктерінде өз шеберліктерін арттырған. Сондай-ақ қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі бағытындағы тың деректермен танысып, білімдері мен біліктілігін арттыруға арналған арнайы шараларға атсалысты.

      Байқау өзін-өзі таныстыру, дарындар байқауы, танымдық деңгейін артыруға арналған бейне сұрақ, ұлттық киімді киіп, сахнада жүру, сахналық көрініс  сияқты кезеңдер бойынша ұйымдастырылды.

      Сайыста қыздар өздерін таныстырып, өресінің биіктігін танытуға ұмтылды. Артынша шығармашылық шеберліктерін сынатты. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Таңдаған салалары да әр алуан. Десе де шама-шарқынша өз өнерлерін паш етті. Жарыста ой ұшқырлығы сыналып, білім деңгейлері тексерілді. Қыздарға қойылған сауалдарға жан-жақты, дәлірек айтқанда сауатты жауап беру талап етілді. Сәнқойлық сынаққа да өріс ашылды. Бұл кезеңде отандық дизайнерлердің қолынан шыққан сәнді көйлек үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Сыртқы сымбат сыналып, сахнадағы жүріс-тұрысқа да мән берілетін тур осы, – дейді іс-шара ұйымдастырушылары.

      Назарларыңызға сайыс нәтижесінде анықталған жеңімпаздар тізімін ұсынамыз:

      Бас  жүлде – Ақтаубек  Інжумаржан Ақтаубекқызы, «Мектепке  дейінгі  оқыту және  тәрбиелеу»  мамандығының 1 курс  студенті,  Педагогика және  психология  институты;

      І орын  – Омаржан Сабина  Ерболқызы, Әлеуметтік – гуманитарлық  ғылымдар және  өнер институты,  «Мәдени-тынығу  жұмысы»  мамандығының  1 курс  студенті;

      ІІ орын – Нүсіпалы  Марал Азаматқызы, Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар және  өнер институты,  «Хореография» мамандығының  2 курс  студенті;

      ІІІ орын – Қалмақан Сырғалым Ерланқызы, Жаратылыстану институтының «Биология»  мамандығының 1 курс студенті.

      Қалған қатысушылар «Өнерлі  ару»,  «Инабатты  ару», «Зерделі  ару», «Сымбатты  ару»,  «Кербез ару», «Көрермен  көзайымы», «Бұрымды ару» номинацияларымен және алғыс  хаттармен  марапатталды.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: