Ғылыми кеңес құрамы жаңа мүшелермен толықты



    • Ғылыми кеңес құрамы жаңа мүшелермен толықты

      АЛМАТЫ. 2 наурыз. Баспасөз орталығы – QyzPU University Ғылыми кеңесінің құрамы жаңа мүшелермен толықты. Оның қатарына білікті профессорлар, жас ғалымдар мен студенттік қоғам өкілдері тартылып отыр. Кеңес  мүшелері Университет ұжымы мен білім алушыларының дауыс беру нәтижесінде сайланды. Алғаш рет қабылданып отырған бұл бастама кеңес жұмысының ашықтығын, тиімділігін және нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

       

      Назарларыңызға ғылыми кеңестің жаңа құрамын ұсынамыз:

      Қанай Гүлмира Әмірханқызы – Басқарма төрағасы – Ректор

      Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы – Ректор кеңесшісі

      Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

      Рысбекова Жанар Қасымбекқызы – Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор

      Джумакулов Закир Даниярұлы – Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

      Абдрашев Жақсылық Сапаргелдіұлы – Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор.

      Есиббаева Арайлым Сайлауғажықызы – Бас ғалым хатшы

      Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы – Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры,

      Оразаева Гүлжан Серікқызы  – Педагогика және психология институтының директоры,

      Байташева Гаухар Өмірәліқызы – Жаратылыстану институтының директоры,

      Аширбекова Жамал Базылқызы – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры,

      Суранчина Айнұр Жұманқызы – Қазақ тілі және әлем тілдері институтының директоры м.а.,

      Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы – п.ғ.д., профессор,

      Татенов Адамбек Мақсұтұлы – ф.-м.ғ.к., доцент,

      Кокажаева Амангүл Базарбекқызы – б.ғ.к., қауым. проф.м.а.,

      Бапаева Мариям Кұрманғалиқызы – пс.ғ.к., профессор м.а.,

      Тайтелиева Лаура Рахатқызы – аға оқытушы,

      Исаева Лаура Тлеужанқызы – п.ғ.м.,  аға оқытушы,

      Құдайбергенова Күлзада Саекқызы – п.ғ.д., доцент,

      Доскараев Бауыржан Мелдебекұлы – п.ғ.д., профессор,

      Нұрбекова Маржан Абдыжапарқызы – х.ғ.к., аға оқытушы,

      Қалиев Бедел Шамилұлы – ғылым магистрі, аға оқытушы,

      Ануарова Ляйля Ермекханқызы – ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.,

      Кусанова Анипа Ерланқызы – PhD, аға оқытушы,

      Бисембаева Ляззат Амандыққызы – PhD, қауымдастырылған профессор м.а.,

      Усенбаева Шынар Мутанқызы – ғылым магистрі, аға оқытушы,

      Сарсенбаева Жанар Ғаниқызы – саяси.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.,

      Сұлтанова Майра Сактағанқызы – ғылым кандидаты, доцент,

      Иманқұлова Ляйля Болатқұлқызы – магистр, аға оқытушы,

      Әділбекова Ләззат Махайқызы – ф.ғ.к, профессор м.а.,

      Қалиева Нұргүл Шамшарханқызы – п.ғ.м., аға оқытушы,

      Қиынова Жанар Кабдылашимқызы –  ф.ғ.д., профессор,

      Сембаева Айгүл Ғалиқызы – ф.ғ.к., профессор м.а.,

      Садырбаева Бақытжамал Амангелдіқызы – п.ғ.м., аға оқытушы,

      Әлібек Нұрбақыт – «6В01501-Математика» мамандығының 2 курс (3 ж.) студенті,

      Өмірзақ Аружан – 7М01504-Химия білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты,

      Сәбит Ботакөз – 8D01502-Информатика мамандығының 2 курс докторанты.

       

      P.S.: Ғылыми кеңес – сайланбалы алқалы орган. Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін, Қоғамның жарғысын басшылыққа алады.

      Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты:

      • кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессор -оқытушылар құрамы мен жоо-ның білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасау;

      • ЖОО-ның қаржы саласын реттеу, материалды-техникалық қорын нығайту;

      • ЖОО-ның одан әрі дамуына ықпал ету.

       

      Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:

      • жоғары оқу орнының құрылымын бекітуге ұсыну;

      • жоғары оқу орнының Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізуді ұсыну;

      • жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және таратуды ұсыну;

      • жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;

      • алқалық шешімді талап ететін ЖОО-ның ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: