Бүгін – халықаралық ғылым саласындағы әйелдер мен қыздар күні!
-
11 ақпан, 2022
АЛМАТЫ. 11 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Бүгін – халықаралық ғылымда қызмет етіп жүрген әйелдер мен қыздардың күні. Атаулы дата Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2016 жылғы 11 ақпаннан бастап аталып өтіп келеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді атап өтудің басты мақсаты – әйелдер мен қыздардың ғылымға толық және тең қол жеткізу мен қатысуын қамтамасыз етіп, гендерлік теңдікке және әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық әрі тең қол жеткізуіне және олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған жобалар мен шаралар жүргізіліп келе жатыр.
– Соңғы 15 жылда дүние жүзі бойынша нәзікжандыларды ғылымға көбірек тарту бойынша көптеген істер атқарылуда. Десе де бұл тарапта олардың қатары көбеймей отыр. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, әлем бойынша ғалым әйелдердің үлес салмағы 28,4 пайызды құрайды. Олардың басым көпшілігі бакалавр және магистрлер. Ал PhD докторлардың саны айтарлықтай аз. Біздің міндет осыны арттыру, – дейді әлемдік ұйым өкілдері.
Бұл күн әйелдер мен қыздардың ғылыми-техникалық қоғамдастықта маңызды рөл атқаратынын және олардың қатысуын кеңейту керектігін еске салады.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: