Университетте инклюзивті білім беруді дамыту орталығы жұмыс істейді



    • Университетте  инклюзивті  білім  беруді дамыту орталығы жұмыс істейді

      АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Инклюзивті білім беру – қоғам қажеттілігі. Бүгінде барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осыған орай Университетте Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту орталығы ашылған.

      Орталықтың басты міндеттері қатарында ерекше білім беруді қажет ететін  Университет студенттеріне оқу-әдістемелік қолдау көрсету, жалпы білім  беретін мекемелердегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытатын ұстаздардың, психологтардың, педагог-психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің  білімін жетілдіріп отыру үшін «Инклюзивті  білім  беру»  атты курс өткізу кіреді.

      Сонымен қатар орталықта ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен  Университет базасында  түзету  жұмыстарын жүргізу,  дер кезінде  жан-жақты  қолдау көрсету жұмыстары да атқарылады.

      Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту орталығы аналитикалық сараптау, ақпараттандыру, әдістемелік-ұйымдастыру және кеңес беру қызметі бағыттары бойынша жұмыс істейді.

       

      Аналитикалық сараптау:

      • инклюзивті  және  арнайы  білім  беріп  жүрген қызметкерлердің кәсіби және ақпараттық қажеттіліктерін анықтау;

      ерекше білім беруді қажет ететін студенттермен жұмыс істеудің педагогикалық тәжірибесін анықтау, тарату.

       

      Ақпараттандыру:

      • инклюзивті білім беру негіздері бойынша педагогикалық ақпарат (нормативтік, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік және т.б.) банкін қалыптастыру;

      • білім беру ұйымдарындағы жетекші қызметкерлер мен педагогтерді  инклюзивті білім беру саласында  қызмет етіп жүрген ұстаздардың тәжірибесімен таныстыру;

      • орталық жүзеге асырып жатқан іс-шара нәтижелерін педагогтер мен  ата-аналар қоғамдастығына хабардар ету.

       

      Әдістемелік-ұйымдастыру:

      • білім беру ұйымдарындағы басшылар мен педагог мамандарға    инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік және практикалық көмек  көрсету;

      • ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды жалпы білім беретін ұйымда оқытудың әдістемесімен қамтамасыз ету;

      • инклюзивті білім беру бойынша ғылыми-практикалық семинарларды, конференцияларды, педагогикалық оқуларды, дөңгелек үстелдерді дайындау және өткізу;

      • инклюзивті білім беру мәселесі бойынша жұмыс істейтін әртүрлі құрылымдармен өзара байланыс  орнатып, тәжірибе алмасу.

       

      Кеңес беру қызметі:

      • ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша тәрбиешілер мен ата-аналар қоғамдастығына  кеңес  беру.

      – Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр, – дейді Орталық мамандары.

      МЕДИА

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: