Талапкерлер үшін арнайы Call-орталық іске қосылды
-
22 желтоқсан, 2021
АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талапкерлер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатын Call-орталық іске қосылды.
Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге толыққанды әрі сенімді ақпарат беру және мүмкіндігінше жылдам қызмет көрсету.
Байланыс телефоны:
Call-орталықтың жұмыс уақыты:
• дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00 аралығы
Call-орталық қандай сауалдарға жауап береді?
• Оқуға қабылдау шарттары
• Құжаттарды дайындау рәсімі
• Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі
• Ақылы негізде оқу
• Жеңілдіктер
• Мемлекеттік гранттарды тағайындау конкурсына қатысу
• Колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша жан-жақты ақпарат беру
Хабарласыңыз! Сауалыңызға біздің мамандар жауап береді.
– Сонымен қатар Университеттің Facebook, Instagram, Vkontakte, Telegram, Twitter әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында талапкерлерге арналған толыққанды ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тұрақты түрде жарияланып отырмақ. Мақсат – оқу орнының қызметі жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл жаңашылдықтар көпшілік тарапынан туындаған сұрақтардың шешімін табуын арттырады, – деп атап өтті Коммуникация және маркетинг департаментінің директоры Жандар Асан.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: