Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. №29



    • Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. №29

      АЛМАТЫ. 8 қараша. Баспасөз орталығы 2021 жылғы 1 – 5 қараша аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.

       

      01.11.2021

      АЛМАТЫ

      – Қымбатты достар! Біз Университетіміздің танымал түлектерін танытуды жалғастырамыз. Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы – мемлекет және қоғам қайраткері, академик. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін үздік бағамен бітірген.

      *****

      АЛМАТЫ

      Кәсіподақ ұйымының рөлі қандай? Оның тиімділігі неде? Осы және өзге де мәселелер Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Айгүл Мұқашевамен кездесуінде жан-жақты талқыланды.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тұңғыш рет педагогикалық идеялар фестивалі өтеді. «Кластерлік білім беру – жүзеге асыру және перспективалары» атты іс-шараға республикалық білім беру саласының басшылары, Алматы қаласы және Алматы облысының мектеп мұғалімдері және педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады.

       

      02.11.2021

      АЛМАТЫ

      – Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде педагогикалық идеялар фестивалі басталды. «Кластерлік білім беру – жүзеге асыру және перспективалары» тақырыбындағы іс-шара бір аптаға созылады. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль жұмысына республикалық білім беру саласының басшылары, Алматы қаласы және Алматы облысының мектеп мұғалімдері және педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысуда. Фестивальдің пленарлық мәжілісін Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай ашып, жиын жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол өз сөзінде өмір бойы үздіксіз білім беру қағидасын жүзеге асырудың маңызын жан-жақты әңгімеледі.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Педагогикалық идеялар фестивалі аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірқатар жеке білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Келісімге оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай мен білім беру мекемелерінің басшылары қол қойды.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Бүгін бастау алған педагогикалық идеялар фестивалі барысында шығармашылық алаңдар жұмысы ұйымдастырылды. Университет ғылыми кітапханасының залында өткен іс-шара «Жұмыс берушілер «Түлек моделі», «Білім алушылардың көзімен «Түлек моделі», «Жұмыс берушілер көзімен «Оқыту нәтижесі» бағыттары бойынша жүргізілді.

       

      03.11.2021

      АЛМАТЫ

      – Гүлмира Қанай: «Bolashaq» – тұлға ретінде қалыптасуыма мүмкіндік берді».

      *****

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті балабақша және мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыруды қолға алуда. Биылғы оқу жылынан бастап оқу орны жанынан Біліктілікті арттыру институты қайта құрылды. Институт қазан айында балабақша қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты курс өткізді.

       

      05.11.2021

      АЛМАТЫ

      – Қазіргі таңда кез келген маманды жұмыс берушілер тек кәсіби білімінің көрсеткішімен емес, оған қоса, ол өзіне жинаған қосымша қабілеттерімен бағалап жұмысқа қабылдайды. Сондықтан онлайн-курстар жан-жақты маман болу үшін көмектесетін таптырмас құралға айналды. Бүгін біз әлемнің жетекші университеттері ұсынған онлайн-курстар тізімін жариялаймыз.

      *****

      АЛМАТЫ

      Біздің Университет қазақстандық жоғары оқу орындарының әлеуметтік медиа мен БАҚ рейтингсінде бірінші орынға ие болды. Мониторингті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүргізді.  Рейтингке мемлекеттік, салалық және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты. Айта кетейік, Қыздар университеті бұған дейін де осы тарапта жүргізілген рейтингтерде әрқашан көш басында болып келеді.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім беру және ғылыми әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып келе жатқан ғалымдар мен оқытушылардың еңбегін жан-жақты насихаттау мақсатындағы «QUProud» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді. Бағдарламаның бұл жолғы қонағы – Физика кафедрасының профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, академик Адамбек Татенов.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Педагогикалық жоғары оқу орындары, колледжер мен мектептердің арасындағы өзара іс-қимылды қалай нығайтуға болады? Болашақ педагогтің моделі қандай болуы тиіс? Жұмыс берушілер мен студенттер арасындағы байланысты арттырудың тетіктері қандай? Осы және өзге сауалдарға жауап іздеу мақсатында ұйымдастырылған педагогикалық идеялар фестивалі өз мәресіне жетті.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: