«QUProud» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді



    • «QUProud» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді

      АЛМАТЫ. 5 қараша. Баспасөз орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім беру және ғылыми әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып келе жатқан ғалымдар мен оқытушылардың еңбегін жан-жақты насихаттау мақсатындағы «QUProud» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді.

      Бағдарламаның бұл жолғы қонағы – Физика кафедрасының профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, академик Адамбек Татенов.

      Сұхбат барысында ғалым ғылыми жобалары мен бастамалары туралы баяндады. Сондай-ақ бүгінгі отандық ғылымның даму бағытындағы өз ойларымен бөлісті.

      P.S.: Медиа жобаның авторы – Маркетинг және коммуникация департаментінің директоры Жандар Асан.

      Бағдарлама арқылы әр ай сайын Университеттің YouTube арнасы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында және ресми интернет-ресурста оқу орны ғалымдарының отандық ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі турасында, ғылыми жаңашылдықтары мен еңбектері жайында танымдық бағдарламалар сериясы жарық көруде, – деп атап өтті Жандар Асан.

      Сонымен қатар алдағы уақытта сұхбаттар сериясының жазбаша нұсқасы ресми веб-сайт пен Университет газетінде және республикалық беделді бұқаралық ақпарат құралдарында да жарияланатын болады.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: