Айви Лигасы (Плющ Лигасы) университеттері ұсынатын 10 тегін онлайн-курстар



    • Айви Лигасы (Плющ Лигасы) университеттері ұсынатын 10 тегін онлайн-курстар

      АЛМАТЫ. 5 қараша. Баспасөз орталығы Қазіргі таңда кез келген маманды жұмыс берушілер тек кәсіби білімінің көрсеткішімен емес, оған қоса, ол өзіне жинаған қосымша қабілеттерімен бағалап жұмысқа қабылдайды.  Сондықтан онлайн-курстар жан-жақты маман болу үшін көмектесетін таптырмас құралға айналды. Бүгін біз әлемнің жетекші университеттері ұсынған онлайн-курстар тізімін жариялаймыз.

       

      «Кіріспе: сенімді келіссөзші болу амалы»

      Ұйымдастырушы: Yale University

      Платформа: Coursera

      Не болып жатқанын көруге көмектесетін 30 сағаттан астам лекциялар мен бейнематериалдар, тесттер мен жаттығулар қақтығыстардың шын себептерін тануға және тараптардың мүдделерін түсінуге мүмкіндік береді.

       

      Fundamentals of Neuroscience

      Ұйымдастырушы: Harvard University

      Платформа: edX

      Курс үш бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы жүйке жүйесінің белгілі бір бөлімі туралы түсіндіреді. Ол барлық жаңадан бастаушыларға арналғанымен, математиканың негіздерін білуіңіз керек.

       

      English for science, Technology, Engineering and Mathematics

      Ұйымдастырушы: University of Pennsylvania

      Платформа: Coursera

      Ана тілі ағылшын тілі емес студенттерге арналған курс. Мұнда сөздік қорыңызды кеңейтіп, ғылыми мәтіндерді оқығанда сізге көмектесетін стратегияларды үйренуге болады.

       

      Gamification

      Ұйымдастырушы: University of Pennsylvania

      Платформа: Coursera

      Процестерді геймификациялау – қазіргі заманның жаңа тенденциясы. Ойын дизайн әдістерін бизнес және әлеуметтік жобаларға қалай қолдануға болатынын үйреніңіз.

       

      Economics of Money and Banking

      Ұйымдастырушы: Columbia University

      Платформа: Coursera

      32 сағат оқу материалы берілген сабақтар барысында сіз банк жүйесінің негіздерімен және қазіргі нарық пен ақша жүйесінің жұмысымен таныса аласыз.

       

      Understanding Medical Research

      Ұйымдастырушы: Yale University

      Платформа: Coursera

      Курсқа қатысушылар медициналық ғылыми зерттеулердің сенімділігін анықтауға көмектесетін құралдар мен дағдыларды игереді. 350-ден астам оң пікірлер осы білімнің маңыздылығын растай алады.

       

      Pyramids of Giza

      Ұйымдастырушы: Harvard University

      Платформа: edX

      Ежелгі Египеттің тарихы мен археологиясы туралы толық ақпарат. Қатысушылар сегіз апта бойы перғауындар заманынан ХХ ғасырдағы экспозицияларға дейінгі материалдармен танысады.

       

      Introduction of Marketing

      Ұйымдастырушы: University of Pennsylvania

      Платформа: Coursera

      Маркетингті түсінгісі келетіндерге арналған курс. Мұнда сіз брендті қалай құруға болатынын, тұтынушылармен байланыс орнату және контент-стратегиялармен танысасыз.

       

      Statistical Thinking for Data Science and Analytics

      Ұйымдастырушы: Columbia University

      Платформа: edX

      Бұл курста сіз статистикалық ойлауды, деректерді дұрыс жинауды және нәтижелерді модельдер мен графиктер түрінде ұсынуды үйренесіз.

       

      Introduction to Psychology

      Ұйымдастырушы: Yale University

      Платформа: Coursera

      Курс психология ғылымының негізгі ұғымдары – «үйрену», «эмоциялар», «есте сақтау» және басқада фундаменталды ақпаратқа арналған.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: