Мектеп бағдарламасына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі



    • Мектеп бағдарламасына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі

      АЛМАТЫ. 21 қазан. Баспасөз орталығы Алдағы жылдың қантар айынан бастап 1-сынып оқушыларын цифрлық сауаттылыққа үйрету жұмысы басталады.

      «Оқу бағдарламасы заман талаптарына сай болуы тиіс. Қазіргі таңда цифрлық сауаттылық оқу мен жазу секілді ең негізгі дағдылардың біріне айналуда. Сондықтан балаларды барынша ерте цифрлық сауаттылыққа, цифрлық гигиена мен ақпараттық қауіпсіздікке үйрету қажет. Әрине, жаңа пән оқушылардың жас көрсеткіштеріне бейімделіп жасалатын болады», деді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова.

      Сонымен қатар, министрлікте 4-сынып оқушыларының «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялары» және 5-11 сынып оқушыларына арналған «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы қайта қаралды. БҒМ атап өтуі бойынша, бұл жаңашылдықтар балалардың ақпараттық технологиялар саласында өзекті және сапалы білім алуына бағытталған.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: