Жатақханада тұратын студентті не мазалайды?



    • Жатақханада тұратын студентті не мазалайды?

       АЛМАТЫ. 20 қазан. Баспасөз орталығы – Жатақханада тұратын студентті не мазалайды? Білім алушылар сабақтан бос уақыттарын қаншалықты тиімді пайдаланып жүр? Осы және өзге де сауалдарға жауап беру мақсатында Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай жатақханада тұратын студенттермен кездесулер өткізуде.

      Кездесу барысында білім алушылар жатақханадағы өмір мен ондағы жасалған жағдайлар туралы айтты. Сондай-ақ осы тарапта туындаған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

      Өз кезегінде Университет ректоры қойылған әрбір сұрақ пен өтініш ескерілетінін және де тиімді шешімдер қабылданатынын айтты.

      Әсіресе, кездесулерде студенттік клубтар мен жастар ұйымдарының жұмыстарын жүйелі үйлестірудің маңызы ортаға салынды.

      Атап айтқанда, студенттер жатақханалардың барлық тұрғындарына қолжетімді іс-шараларды, оқу клубтарын, кино кештері мен түрлі бағыттағы семинарларды өткізуді дәстүрге айналдыруды қалайтындықтарын айтты.

      P.S.: Университетімізде 7 жатақхана бар. Оқу орны қалашағында орналасқан жатақханалар жанға жайлы әрі қолайлы. Онда фитнес залдары, сұлулық салондары, оқу залдары, кір жуатын бөлмелер мен ғаламтор желісіне қосылған компьютер сыныптары бар. Заманауи үлгідегі жатақханаларда студенттің алаңсыз сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасалған.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: