Талантты жастар: Гүлнұр Ыбырай



    • Талантты жастар: Гүлнұр Ыбырай

      АЛМАТЫ. 11 қазан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу орнының білім, ғылым, спорт және өнер салалары бойынша елеулі табысқа қол жеткізген талантты студенттерді таныстыруды ары қарай жалғастырамыз.

      Гүлнұр Ыбырай – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының 2 курс студенті.

      Ол қандай жетістікке жетті?

      Гүлнұр Ыбырай – ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогының қола медаль иегері.

      Чемпионаттың деңгейі қандай?

      Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекеге 61 мемлекеттен 400 спортшы қатысты. Ал Қазақстан атынан аталған жарыста бақтары мен баптарын сынауға 7 атлет жолдама алып, мүмкіндіктерін бағамдап көрді.

      Сайыс барысында Гүлнұр Ыбырай 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жалпы саны 197 ұпай жинады.

      Жарыстың финалында қазақстандық зілтемірші Мексика, Колумбия спортшыларымен кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Десе де ұпай санымен қарсыластарына жол беріп, үшінші орынға ие болды.

      Оның қандай мақсаты бар?

      – Ауыр атлетика – менің өмірімде маңызды рөл атқарады. Бұл спорт түрі маған мол білім мен тәжірибе жинауыма мүмкіндік берді. Менің ойымша, ауыр атлетиканың өзге сайыс түрлерінен ерекшеліктері жетіп артылады. Соның бірі – көрермендердің алдында әлемдік рекордтар мен тарихтар жасалып жатады. Бұл әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – дейді Гүлнұр Ыбырай.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: