Ұстаздар күніне арналған эссе байқауы өтті



    • Ұстаздар күніне арналған эссе байқауы өтті

      АЛМАТЫ. 29 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагогтердің кәсіби мерекесін өзгеше форматта атап өтуде.

      Атаулы дата қарсаңында оқу орны білім алушылары арасында «Неге ұстаз болғым келеді?» тақырыбында жалпыуниверсиеттік шығармашылық байқау өтті.

      Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шығармашылық сайысқа оқу орнының 164 студенті қатысып, тақырыпқа орай өз ойларын жеткізді.

      Шараны университеттің Маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры Жандар Асан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

      – Сіздердің шығармашылық байқауға қатысуға ниет білдіріп, ынта-ықылас танытқандарыңыздың өзі көп нәрсені білдіреді. Қоғамға адал қызмет ету – әрбір көзі ашық азаматтың парызы. Бұл орайда Сіздерге, болашақ педагогтарға жүктелетін жауапкершілік жүгі ауыр. Баршаңызға сәттілік тілейміз, – деп атап өтті Жандар Асан.

      «Неге ұстаз болғым келеді?» тақырыбындағы эссе байқауының басты мақсаты – педагог мәртебесінің болашақ мамандар арасында артуына ықпал ету, білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік және ойлау қабілетін дамыту.

      Байқауда жазылған жұмыстар арнайы комиссияның қарауына ұсынылып, жеңімпаздардың есімдері 4 қазанда анықталады.

      Жүлдегерлер қаржылай сыйақымен марапатталып, үздік шығармалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: