Университет ғалымының оқулығы үш тілде жарық көрді
-
30 қыркүйек, 2021
АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Университет ғалымдарының еңбектері бірнеше тілде жарық көруде. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, академик Адамбек Татеновтың «Жалпы физика» оқулығы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде шықты.
«Физика» мамандықтарында оқитын білім алушыларға арналған еңбек ғалымның көп жылдар бойы зерттеуінің нәтижесі.
Оқулықтың мәтіні 1, 2 курс студенттерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікті баяндалып, тәжірибе-практикалық бағытта ұсынылған.
Еңбек «Механиканың физикалық негіздері», «Молекулалық физика және термодинамика негіздері», «Электрлік және магнетизм», «Тербелістер және толқындар», «Оптика. Сәуле шығарудың кванттық негіздері», «Қатты денелердің, атомдар мен молекулалардың кванттық физика негізіндегі элементтері», «Атомның ядролық физикасының және элементтер бөлшектерінің элементтері» атты бөлімдерден тұрады.
Айта кетейік, Адамбек Татенов бірнеше оқулық пен оқу құралының авторы. Ғалым жүргізген зерттеулер нәтижесі республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарық көрген.
Академик қатерлі ісік жасушаларын кванттық механика негізінде танып білуді алғаш анықтаған. Сонымен қатар, ғалым адам ағзасындағы иод және микроэлементтер тапшылығын түбегейлі жоюдың тың жолын тауып, бірнеше ғылым саласы бойынша виртуалды интерактивті зертханалар желісін жасаған.
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: