Өзіңді қорға, қалаңды қорға!
-
22 қыркүйек, 2021
АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Пандемияның екінші жылы. 2020 жылы дүниені дүр сілкіндіріп, тіршілікті тұралатқан вирус агрессивті мутацияға ұшырады. Онымен нақты күресетін ем-дом мен дәрі-дәрмектер әлі шыққан жоқ.
Сәкен Қойбақов, Алматы қалалық патоло-анатомиялық бюросы №4 бөлімшесінің меңгерушісі:
– Қазақстанға қазір келіп жеткен дельта штамы тез тарауда. Ол өкпені жылдам зақымдайды. Ауаның жетіспеушілігінен адамдар көп қайтыс болып жатыр. «Дельта» штамы жас талғамайды. Індеттен қайтыс болғандардың арасында егде жастағылар да бар, жастар да бар. Өкпені кесіп қараған кезде, өкпе қатайған болады, жұмсақтығы жоғалады. Өкпенің ішіндегі майда тамырлардың ішіндегі қанда іркіліс болып, нәтижесінде өкпеге оттегі бара алмайды. Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияға нақты ем-дом жоқ. Екпе алған жағдайда ғана індетті жеңе аламыз. Екпе алмай, оған сенбей жүрген азаматтарға айтарым: Сіз өз өміріңізді қауіп-қатерге тіге тұра, жаныңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіресіз.
Тамара Отағанова, И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
– Вакцинация алған науқастар жеңіл ауырады. Ал екпе алмағандар өте ауыр түрде ауырып, жан сақтау бөліміне жеткізіледі. Қазір реанимацияда жатқандардың саны өте көп.
Бір ғана Алматының өзінде аурудың 4 толқыны өтті. 2020 жылдың жазы мен 2021 жылдың басында «Ухань» штамына қатысты екі толқынды бастан өткіздік. 2021 жылдың көктемінде «Альфа» штамымен алыстық. Ал 19 шілдеде мутацияланған «Дельта» штамынан туындаған инфекцияның ең ауыр толқыны басталды.
Коронавирустың «Дельта» нұсқасы SARS-COV-2-нің бастапқы нұсқасымен салыстырғанда 2 есе жұқпалы.
2020 жылы Алматыда 393 адам қайтыс болды. 2021 жылдың 1 қаңтарына бастап бүгінге дейін – 1597 адам вирустың салдарынан көз жұмды.
Күнделікті тіршілік күрт өзгерді. COVID-19 шынайы өміріміздің қауіпті бір бөлігіне айналды. Тек ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде ғана біз вирустың жаңа толқындарын тоқтата аламыз. Бұл үшін алматылықтардың шамамен 75 пайызы вакцина алуы тиіс.
ӨЗІҢДІ ҚОРҒА, ҚАЛАҢДЫ ҚОРҒА!
ВАКЦИНА АЛ!
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: