Педагогтердің халықаралық жиыны өтеді
-
16 қыркүйек, 2021
АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. Баспасөз орталығы – «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: трансформация, даму векторлары». Осындай атаумен биылғы жылдың 24 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық конференция өтеді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн форматтағы алқалы жиынның мақсаты – ғылым мен білім берудің жаһандану және трансформациялау жағдайында мектепке дейінгі білім берудің даму мәселелерін талқылау және қалыптасқан тәжірибелерді қорытындылау.
Конференция Университеттің Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы мен «OYNA Балалық шақ институты» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылмақ.
Жиын жұмысы 6 секция бойынша жүргізілмек.
1 секция. Балалық шақтың заманауи көрінісі және мектепке дейінгі білім берудің даму векторлары;
2 секция. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды табысты жүзеге асырудың әлеуметтік-психологиялық тетіктері;
3 секция. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы – сапаны қамтамасыз ету ресурсы;
4 секция. Мектепке дейінгі инклюзивті және арнаулы білім беру: теориядан тәжірибеге;
5 секция. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды трансформациялау жағдайындағы педагогикалық менеджмент;
6 секция. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесіне маман дайындау және педагогтардың біліктілігін көтеру.
«Заманауи мектепке дейінгі білім беру: трансформация, даму векторлары» Халықаралық конференцияның ақпараттық хатымен мына жерден таныса аласыз.
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: