Жатақханаға орналасу тәртібі



    • Жатақханаға орналасу тәртібі

      АЛМАТЫ. 3 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Қымбатты студенттер! Біз бүгін назарларыңызға жатақханаға орналасу тәртібі туралы айтамыз.

       

      1 ҚАДАМ. Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдаған уақытта талапкердің «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы «Жатақханаға мұқтаж» деген графаны толтырып институт директорының орынбасарына  жібереді.

       

      2 ҚАДАМ. Әр студент өзінің жеке «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы өтініш жазып институт директорының орынбасары модуліне жолдайды.

       

      3 ҚАДАМ. Директор орынбасары модуль «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы студенттің барлық әлеуметтік жағдайы туралы графаны толтырады және жатақханаға мұқтаж студенттерді белгілеп, медициналық тексеру мен жатақхана ақысын төлеген анықтамаларын, вакцина паспортын тексеріп Студенттермен жұмыс бөліміне  жібереді.

       

      4 ҚАДАМ. Студенттермен жұмыс бөлімі «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы тексеріп қай жатақханаға орналастыру керек екенін тексеріп, тиісті жатақхананың комендантына электронды түрде жібереді.

       

      5 ҚАДАМ. Жатақхана коменданты модуль «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы өтінішті қабылдайды. Студент электронды түрде  профайылына кіріп, «UNIVER-2.0» универ жүйесі арқылы өзіне берілген бөлмені көре алады.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: