Университет ректоры Ата Заң күнімен құттықтады



    • Университет ректоры Ата Заң күнімен құттықтады

       АЛМАТЫ. 30 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының ұжымы мен студенттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

       

      Құрметті әріптестер!

      Қымбатты студенттер!

      Баршаңызды отандастарымыз үшін маңызы аса зор мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

      Осыдан 26 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық жəне біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады.

      Ата-бабалар армандаған азаттығымызды айқындап, тәуелсіздігімізді танытатын Конституция егемендіктің берік тірегіне, табысты дамуымыздың жəне Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды.

      Ата Заң еліміздің басты құндылықтары ретінде келісім мен тұрақтылықты, қоғамдық-саяси бірлікті қалыптастырды. Конституциямыз Қазақстанның əлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан əрі қарқынды іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың əл-ауқатын көтерудің жəне қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады.

      Баршаңызға шынайы көңілден бейбіт өмір, толымды табыс жəне баянды бақ-береке тілеймін!

      Ізгі ниетпен: Гүлмира Қанай,

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: