Мәжіліс депутаты Қыздар университетіне келді



    • Мәжіліс депутаты Қыздар университетіне келді

       АЛМАТЫ. 25 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова арнайы іс-сапармен келді. 

      Халық қалаулысының сапарының мақсаты – отандық педагог кадрларын даярлайтын оқу ордасының бүгінгі ахуалымен танысу, Қазақстандағы педагогикалық білім беруді дамыту бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды университет ұжымымен талқылау.

      Басқосуды Қыздар университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай ашып, жүргізіп отырды.

      Соңғы он жылдан астам уақыт ішінде еліміздің орта білім беру саласында елеулі реформалар орын алуда. Олардың ішінде жаңартылған білім беру бағдарламасы, бағалау жүйесі, педагогикалық тәсілдер жаңартылды, инклюзивті білім берудің жаңа саясаты енгізілді. 2019 жылдың соңында қабылданған «Мұғалім мәртебесі туралы» жаңа Заң аясында мұғалімдердің жалақысы мен мәртебесінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді деп күтілуде, – деп атап өтті Гүлмира Қанай.

      Өз кезегінде Жұлдыз Сүлейменова жоғары оқу орындарының сапасын арттыру, ұстаз мәртебесін көтеру жайында кеңінен тоқталып өтті.

      Сонымен қатар жиын барысында Мәжіліс депутаты университет ұжымы қойған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, аталған мәселелер төңірегіндегі шешім табуы тиіс мәселелерді ортаға салды.

      Алқалы басқосуды Гүлмира Қанай қорытындылап, халық қалаулысына еркін форматтағы мазмұнды әңгімесі үшін университет ұжымының атынан алғыс білдірді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

         

      Бөлісу: