Тағайындау: Закир Жұмақұлов



    • Тағайындау: Закир Жұмақұлов

       АЛМАТЫ. 25 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры лауазымына Закир Даниярұлы Жұмақұлов тағайындалды.

      Закир Жұмақұлов – Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын тәмамдаған. 2012 жылы АҚШ-тың Мичиган Штаты Университетінде мемлекеттік саясат саласында магистр (MPP) дәрежесін алды.

      Еңбек жолын Назарбаев Университетінің кіші ғылыми қызметкерлігінен бастаған.

      2017-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жобалық менеджері, 2018 жылдан бүгінге дейін Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің ғылыми бағдарламалар бойынша директоры қызметтерін атқарған.

      Закир Жұмақұлов білім беру саласында ғылыми зерттеулерді үздіксіз жүргізіп келеді. Ол халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар саны мен олардың дәйексөздерімен өлшенетін ұлттық ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Elsevier тарапынан «Scopus Award Kazakhstan 2019» сыйлығымен, 2011-2015 жылдарда арналған жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарды жариялағаны үшін Thomson Reuters және Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы тарапынан тәуелсіз сыйлығымен марапатталған.

      Зерттеу саласы – ұйымдастыру мәдениеті және көшбасшылық; жоғары оқу орындарын интернационалдандыру; білім беру саласындағы «кірме» саясаты; адами әлеуетті дамыту; жоғары білімді қаржыландыру.

      Зерттеу тақырыптары – халықаралық стипендиялық бағдарламалардың адами капиталды дамытуға қосқан үлесі; Қазақстан мен Орталық Азиядағы студенттік ұтқырлық Болон процесінің принциптерін іске асыру сын-қатерлері; Білім беруді интернационалдандыру ұлттық стратегиялары; Зерттеудің интернационализациясы; Студенттік білім беру несиелері.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: