Қыздар университетіне қабылдаудың талаптары қандай?



    • Қыздар университетіне қабылдаудың талаптары қандай?

       АЛМАТЫ. 23 маусым. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне қабылдау талаптары қандай? Оқу орнының студенті атану үшін не нәрсені білу керек? Биылғы қабылдау рәсімінде қандай өзгерістер бар?

      1. Қыздар университетіне жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.

      2. ҰБТ нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша 75 балл, «Педагогикалық емес ғылымдар» білім беру саласы бойынша 65 балл жинаған түлектер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға және ақылы оқуға тапсыруға мүмкіндігі бар.

      3. ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған талапкерлер Қыздар университетіне алғашқы оқу жылы аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады. Оларға бірінші оқу жылы ішінде (қаңтар, наурыз, сәуір, мамыр) ҰБТ-ны тапсыру мүмкіндігі беріледі.

      4. ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған азаматтар оқудан шығарылады.

      5. Техникалық, кәсіптік немесе жоғары білімі бар азаматтар қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылданады.

      6. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде қабылдау Қыздар университетінде дербес жүзеге асырылады.

       

      Толығырақ білгіңіз келсе мына сілтемеге өтіңіз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: