Талапкерлерге арналған ақпараттық Call-орталық жұмыс істейді



    • Талапкерлерге арналған ақпараттық Call-орталық жұмыс істейді

      АЛМАТЫ. 9 маусым. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талапкерлер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатын Call-орталық жұмысын бастады.

      Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге сапалы әрі дұрыс мәлімет беру және мейлінше жылдам қызмет көрсету.

      Қабылдау комиссиясының жанындағы орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00, сенбі  күні сағат 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді.

      Байланыс телефоны: 8 (727) 233-18-52.

      –  Сонымен қатар Қыздар университетінің Facebook, Instagram, Vkontakte, Telegram, Twitter әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында талапкерлерге арналған толыққанды ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тұрақты түрде жарияланып отырмақ. Мақсат – оқу орнының қызметі жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл жаңашылдықтар көпшілік тарапынан туындаған сұрақтардың шешімін табуын арттырады, –  деп атап өтті Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: