ҚызПУ қызметкерлері екпе салдыра бастады



    • ҚызПУ қызметкерлері екпе салдыра бастады

      АЛМАТЫ. 9 маусым. Баспасөз орталығы – Азаматтардың коронавирус індетіне қарсы иммунитетін көтеру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері екпе салдыра бастады.

      Ең алғаш болып оқу орнының Басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанай Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.

      Ректордың вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер пайда болған жоқ.

      – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды вакцина салдыруға шақырған болатын. Бұл – өзімізді, ата-анамыз бен жақындарымызды қорғаудың бірден-бір жолы. Мемлекет басшысы әрі-беріден соң, бұл баршамыздың азаматтық парызымыз екендігін алға тартты. Менің ойымша, екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алады. Вакцина салдыру арқылы ғана барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына, білім алу офлайн жүйеге көшетіне сенімдімін, – деді Гүлмира Қанай.

      Қыздар университетінің медициналық пункті екпемен толық қамтамасыз етілген. Вакцина салу ерікті түрде жүзеге асырылуда.

      – Біз қызмет бабына байланысты өзімізді өзгелер үшін жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан да екпе қабылдауға шешім қабылдадық. Университет студенттері мен оқытушыларының денінің саулығы үшін баршамыз екпе алуымыз қажет деп санаймыз. Бұл орайда білім ордасының қызметкерлері жауапкершілікті сезініп, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланғаны жөн, – дейді университет ұжымы.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: