«Жетістікке жеткен жастар»: Феруза Сұлтанмұратова



    • «Жетістікке жеткен жастар»: Феруза Сұлтанмұратова

       АЛМАТЫ. 4 маусым. Баспасөз орталығы – Менің есімім – Феруза. Мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітірдім.

      Мен Сіздерге университеттегі Робототехника зертханасы туралы айтқым келеді.

      Бұл кешен білім алушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында ашылды.

      Lego, Аrduino және Raspberry роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған зертхана болашақ педагогтардың робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамытуға жан-жақты мүмкіндік береді.

      Түрлі жиынтықтар арқылы студенттер теория мен тәжірибені ұштастырады, заманауи құралды жете меңгере түседі.

      Бүгінде университеттің «Информатика», «Физика», «Математика», «Физика-Информатика», «Математика-Информатика» мамандықтарының студенттеріне «Робототехника» пәні оқытылады. Сондай-ақ арнайы білім беру бағдарларламасы да бар.

      Университеттің басты мақсаты – педагогикалық білім беруді жаңғырту, педагог кадрларды даярлауды нығайту, орта білім жүйесінің сапасын көтеру, қала және ауыл оқушылары арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығын төмендету.

      Бұған университеттің әлеуеті толығымен жетеді.

      Оған мен сенемін!

      Құрметпен, Феруза Сұлтанмұратова

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: