Отан қорғаушылар күнімен құттықтады



    • Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

       АЛМАТЫ. 7 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

      Құрметті отандастар!

      Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

      Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады.

      Бүгінде әскеріміз егемен Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді.  Бұл мерекеде біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік шекарамыз бен әуе кеңістігімізді күзетіп, армия және флот бөлімшелерінде әскери борышын өтеп жатқан барлық сарбазға шынайы ризашылығымды білдіремін.

      Мемлекетіміздің қорғаныс әлеуетін күшейту, әскери қызметшілердің өздерін және отбасын қолдау басты міндетіміз болып қала береді.

      Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және елдік мүдде жолындағы абыройлы әрі мәртебелі қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін!

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: