Университет студенттеріне кеңес береді



    • Университет студенттеріне кеңес береді

       АЛМАТЫ. 5 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінің назарына! 18 мамыр күні сағат 16:00 және 17:00-де «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақзира Серікқали оқу орнының білім алушыларымен кездесу өткізеді.

      Zoom желісінде ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті жұмысты еңбекпен өтеуін қадағалау мен оған бақылауды қамтамасыз ету.

      Жиынға мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқитын студенттер мен биылғы бітіруші түлектер қатысуы міндетті.

      Кездесулер барысында университеттің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова мен Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, кәсіби бағдар мен мансап орталығының басшысы Әсел Алшынова да қатысып, білім алушылар тарапынан түскен сауалдарға кеңінен әрі жан-жақты жауап береді.

      Жиынға мына сілтеме арқылы қатыса аласыз:

      https://zoom.us/j/97341131365?pwd=OW5QRXovMUsybjlUL09IZ1dia0kwZz09

      Идентификациялық нөмірі: 973 4113 1365.

      Коды: 901 776.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: