«ҚызПУ-дың жас ғалымдары»: Дариға Батаева



    • «ҚызПУ-дың жас ғалымдары»: Дариға Батаева

       АЛМАТЫ. 28 сәуір. Баспасөз орталығы – Дариға Батаева – PhD, Жаратылыстану институты директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

      Ол – 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Соның ішінде 2 оқу-әдістемелік құралы, Scopus (Q3-Q4) және Web of Science (Q2) мәліметтер базасына енетін ғылыми басылымдарда 4, халықаралық және отандық ғылыми журналдар мен жинақтарда 24 мақаласы жарық көрген.

      Жас ғалымның Scopus мәліметтер базасындағы индекс h (хиршасы) 2-ге тең.

       

      Ғылымдағы еңбегі

       

      Ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдап, білім нәрін студенттерге аянбай ұялата білген Дариға Серікқызының жетекшілігімен университет студенттері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Үш тұғырлы тіл» саясатының орындалу стратегиясы аясында жаратылыстану пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадада «Ең шығармашыл топ» номинациясын жеңіп алды.

      Ол 2019-2020 оқу жылындағы «Ғылым апталығы» шеңберінде ұйымдастырылған «Үздік жас ғалым» байқауында үздік он жас ғалымның қатарынан көрінді.

      «STARTUP-TOMIRIS» инновациялық жобалар байқауында ғалымның жетекшілігімен 3 курс студенттерінің жобасы үшінші дәрежелі дипломға ие болды.

      Дариға Батаева Қыздар университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Айдың үздік қызметкері»  аталымымен марапатталды.

      Жас ғалым Қазақстан жас-педагог ғалымдары Қауымдастығының ұйымдастыруымен отандық жоғары оқу орындарының жас оқытушылары арасында өткен I Республикалық байқауда бірінші орын жүлдегері атанды.

      Д. Батаева Қазақ ұлттық қыздар университетінің жанынан құрылған «6D011300-Биология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің хатшысы болып еңбек етіп келеді.

       

      Өмірбаяны

       

      Дариға Батаева 1982 жылғы 12 ақпанда ұстаздар отбасында дүниеге келген.

      2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Биология және химия» мамандығы бойынша үздік бағамен бітірген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «510850-Биология даярлау бағыты» бойынша тәмамдаған. Ал 2016 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің докторантурасын «6D011300 – Биология» мамандығы бойынша аяқтаған.

      Дариға Серікқызы 2019 жылы «Күріштің тұзға төзімділік әдістерін оқу үдерісінде пайдалану арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық Кеңесінің шешіміне сәйкес «6D011300 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.

      Дариға Серікқызы «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде еңбек етіп, ғылыми зерттеушілік базасын қалыптастырды.

      Ол 2014 жылы күріш селекциясы бойынша Бүкілресейлік күріш ғылыми-зерттеу институтында және Филиппиндағы Халықаралық күріш ғылыми-зерттеу институтында тағылымдамалардан өтіп, біліктілігін көтерді.

      Жас ғалым «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы» ғылыми-зерттеу институтында «Селекция негізінде күріштің отандық өнімділігі жоғары,  тұзға төзімді формалар мен линияларды алу биотехнологиясы» тақырыбындағы ғылыми жобада жауапты орындаушы болған.

      Дариға Серікқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде еңбек жолында өзін білімді, білікті, ғылыми әлеуеті қалыптасқан, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман ретінде көрсете білді. 

      Ол еліміздің болашақ жаңашыл ұстаздарына білім мен тәрбие беруде үлкен үлес қосуда.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: