2021 қабылдау жылына арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау мен талдауға арналған онлайн форматта жиын өтті
-
06 сәуір, 2021
2021 жылдың сәуір айының 6-шы жұлдызында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Жаратылыстану институты, география кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер және жұмыс берушілер, атап айтқанда, Алматы қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Даулетбак Гаухар Даулетбаққызы, Шоқан Уәлиханов атындағы атындағы мектептің география пәні мұғалімі Биримкулова Баян Аскербековна, химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі география пәнінің мұғалімі Шәмшідин Гүлнұр Мелісбекқызының қатысуымен 2021 қабылдау жылына арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау мен талдауға арналған онлайн форматта жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты - жұмыс берушілердің сұраныстары мен пікірлеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын заман ағымына қарай жаңартып, одан әрі жетілдіру болып табылады. Жиын барысында білім беру бағдарламаларының мақсат-міндеттері және оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолдары талқыланып, жоғары білім берудің төрт білім беру бағдарламасы (6В01510-География, 6В01511-География-Тарих, 6В01512-География-Биология,6В11101-Туризм) таныстырылды.
Жиын барысында білім алушылардың теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында білім беру бағдарламаларының мазмұны кең түрде талқыланып, білім алушылардың кәсіби міндеттерін шешуге, оқуға деген қызығушылығын арттыруға, географиялық білімді тереңдетуге және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін өз ұсыныстарын енгізді. Білім беру бағдарламаларынан оқуға қажет емес пәндерді алып, білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктері мен дағдыларын қалыптастыратын еңбек нарығында сұранысқа ие пәндерді қосуды ұсынды. Сонымен қатар, білім алушылардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына және олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік беретін қосымша білім беру (Minor) бағдарламасының атауын заман ағымына қарай өзгертуді ұсынды.
Жұмыс берушілер тарапынан осындай бірлескен жұмыстың қажеттілігі және нәтижелі болатындығы атап көрсетілді.
Бөлісу: