Үздік ғылыми қызметкерге 5 млн теңге сыйақы беріледі



    • Үздік ғылыми қызметкерге 5 млн теңге сыйақы беріледі

      НҰР-СҰЛТАН. 13 сәуір. Баспасөз орталығы – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов енді жыл сайын 50 үздік ғылыми қызметкерге 5 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалатынын мәлімдеді.

      «Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүмкін болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2020 жылы министрлікке қарасты ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жұмысын жандандыруға бағытталған жаңа бюджеттік бағдарлама ашылып, 2,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 23 ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынды», – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.

      Сонымен қатар министр биылдан бастап 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетінін және «Жас ғалым»  жобасы аясында 1 000 грант бөлінетінін айтты.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: