Докторлық диссертациясын табысты қорғады



    • Докторлық диссертациясын табысты қорғады

      АЛМАТЫ. 31 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанынан құрылған «6D060600 – Химия» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте «Химия» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін алу үшін Кәрима Сейтбекова ғылыми жұмысын табысты қорғады.

      «Үш валентті хроммен допирлеудің күрделі оксидті манганиттің құрылысы мен магниттік сипаттамаларына әсері» тақырыбындағы диссертация университетте орындалған.

      Жас ғалымның ғылыми кеңесшілері – Қыздар университетінің Химия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Мұхаметқали Матаев және Сібір федералды университеті, «Инженерлі физика және радиоэлектроника» институтының директоры және Л.В. Киренский атындағы Физика институтының «Магнитодинамика» зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы Геннадий Патрин.

      Құттықтаймыз!

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: