Жас ғалымдардың жобалары таныстырылады



    • Жас ғалымдардың жобалары таныстырылады

       АЛМАТЫ. 30 наурыз. Баспасөз орталығы – 15 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

      Соңғы жылдары отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы – Қыздар университеті әлеуеті биік, жаңашыл идеялары бар еліміздегі жас ғалымдарды қолдап-қуаттау бағытында бірқатар игілікті істерді жүзеге асырып келеді. Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығының бастамасымен осымен 73-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл жиын да сол үлгілі үрдістің жалғасы іспеттес.

      Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтетін алқалы басқосуға еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары және ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері қатысады.

      Жиында жас ғалымдар «Strength of language», «Capacity of social science», «Information learning and STEM», «Efficiency of teaching», «Natural science», «Culture and ART» және «E-S Talks» бағыттары бойынша ғылыми жаңалықтары мен ізденістерін көпшілік назарына ұсынбақ. Аталған бағыттарда қазақ филологиясы және әлем тілдері, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, математика, физика, педагогика және психология, химия, биология, география, экология, өнер және мәдениет салалары қамтылған.

      «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хатын мына жерден жүктей аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: