Жас маман – болашақтың айнасы



    • Жас маман – болашақтың айнасы

      2021 жылдың 20 ақпан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің математика кафедрасының ұжымы бір мақсат-мүддеге бағытталған және «6В01501 – Математика», «6В01502 – Математика-Физика», «6В01503 – Математика-Информатика» білім беру бағдарламаларын игерген түлектерге жұмыс берушілермен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты: жұмыс берушілер тарапынан  білім беру бағдарламаларына жаңа пәндер ұсыну, маман дайындау барысында күтілетін нәтижелерді талқылау, олардың көзқарастарын, ой-пікірлерін ескеру болды.

      Бұл кездесуге төмендегі жұмыс берушілер қатысты:

      • Ғылыми зерттеу институттары
      • Алматы қаласы білім басқармасының "№83 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
      • «WORC FORCE» кадрларды іріктеу жней даярлау агенство басшысы Чернухина          Татьяна Викторовна
      • Алматы қаласы білім басқармасының "№179 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
      • «Алматы қаласының инновациялық техникалық колледжі»
      • Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 156 Жалпы білім беретін мектеп»
      • Алматы қаласы Білім басқармасының «№199 мамандандырылған гимназия»
      • Назарбаев зияткерлік мектебі
      • №172 мектеп – гимназиясы

      Шара барысында кафедра оқытушылары мен мектеп оқушыларының арасындағы қоғамдық-әлеуметтік шараларды тәлімдік негізде өткізу жөніндегі мәселелер де қаралды. Талапкерлерге арналған буклеттер таратылып, оқытушылар кафедра мамандықтары жөнінде кең мағлұматтар берді.

      Бұл кездесу барысында мұғалімнің кәсіби өсуінің мүмкіндіктері қарастырылды, мысалы, қазіргі заманғы білім беру теориясында әртүрлі позициялар мен тәсілдер, педагогикалық қызметтің нәтижелерін түсіну және оны жетілдіру мүмкіндіктері, қолданыстағы жұмыс тәжірибесіне жаңа ақпаратты енгізу, қоғамның және кәсіптің заманауи талаптарына жылдам жауап беру және т.б. Отандық білім берудің заманауи талаптары Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, басқарудың құзыреттілігі бар кәсіби кадрларды даярлау қажеттілігі мен  жоғары технологиялық индустрия және инновациялық нарықты дамытуға бейімделген және шығармашылық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты мәселелер талданды.

      Бөлісу: