Жаратылыстану институты жұмыс берушілермен кездесу
-
23 желтоқсан, 2020
Биология кафедрасы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің «Жаратылыстану» институты бойынша директор, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер және жұмыс берушілер, яғни Алматы қаласындағы төмендегі көрсетілген мектептер мен ұйымдар: «№59 мектеп гимназия», «№96 орта мектеп», «Б.Момышұлы Атындағы №131 Мектеп-Лицей», «№13 Мектеп-Гимназия», «Гимназия №15» өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде 6В01509-Биология бағдарламалары талқыланып, жұмыс берушілер болашақ мамандардың бойында қандай негізгі құзыреттіліктердің болуын қалайтындарын және БББ-да қандай практикаға, өндіріске негізделген пәндерді көргілері келетіні жайында ұсыныстары мен қатар көптеген кемшіліктердің де болатындығы туралы айтылды. Атап айтсақ, жас мамандар мектеп қабырғасында тәжірибе жүргізудің ерекшеліктерін білмеу салдарынан көптеген қиындықтарға тап болады.
Ұсыныстар: жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға сәйкес жас мамандар бағдарламадағы жаңа бөлімдермен, атап айтқнада, биоинформатика, медициналық биологияның сұрақтарын қарастыруы анық. Бұл жаңа бөлімдерді олар студент ретінде де, жас маман ретінде де биология пәнінің осы бағыттарын зерттемегендері анық. Сонымен қатар оқытудың инновациялық технологиялары туралы мәселе де өзекті болып отыр. Егер жас маман белгілі бір педагогикалық әдістемелерді білсе, онда оны тәжірибеге енгізу ерекшеліктері оған әлі белгісіз.
Кездесуде қосымша майнордың да пәндері талқыланып, қосарланған БББ-дың да болуын айтып, өзекті мәселелер қарастырылды. Университет, жұмыс берушілермен тығыз жұмыс жасап, айтылған ұсыныстар мен кемшіліктерді ескере отырып, БББ-ның мазмұнын жаңартып, сапасын жоғарылату көзделді.
Сонымен қатар, «6В05101- Білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби шеберлігі» тақырыбында бағдарлама жетекшілерімен жұмыс берушілер арасында, атап айтқанда ҚР БҒМ ҒК Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты өкілдерімен кездесу өтті. Жұмыс берушілер тарапынан білім алушыларға бірнеше ұсыныстар түсті. Яғни, болашақ маман төмендегі ұсыныстарды меңгеруде білімдерін шыңдап, кәсіби шеберлігін қалыптастыру.
Ұсыныстар: Өсімдіктерді систематикалық атауы бойынша анықтау; Өсімдіктерге анатомиялық кесінді жасау; Өсімдіктердің морфологиялық белгілерін анықтау; Өсімдіктердегі тұқымның пісіп-жетілуін анықтау; Өсімдіктердің құрамын анықтауға биохимиялық талдау жасау; ПТР арқылы ДНҚ бөліп алу; Жануарлардың қанының, өтінің, асқазан сөлінің, сілекейінің құрамын анықтау үшін биохимиялық талдау жасаудың түрлі әдістерін меңгеру; Насекомдарды талдауда анықтауышты дұрыс пайдалану; Қоректік ортада штамдарды егудің әдістерін қолдану; АКТны жетік меңгеруі. Осы ұсыныстарды қабалдай отырып, білім берудегі басты назар болашақ түлектердің құзыреттілігі мен іскерлігіне, олардың практикалық жұмысқа жарамдылығына аударылады.
Мектептермен тығыз байланыс орнатып, алдағы уақытта мазмұнды, бәсекеге қабілетті БББ дайындап, бәсекеге қабілетті педагог мамандардың университет қабырғасынан шығаратынымызға сеніміміз мол!
Химия кафедрасы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің жаратылыстану институты бойынша директор, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер және жұмыс берушілер, яғни Алматы қаласы мен облысындағы төмендегі көрсетілген мектептер мен ұйымдар: №59 мектеп-гимназия, №36 гимназия, №128 мектеп, №162 мектеп, №33 орта білім беру мектебі, жану проблемалары институты, жаңа технологиялар мен материалдар институты, А,Бектуров атындағы химия ғылымдары институты өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «6В01507-химия», «6В05301-химия», «6В01508-химия-биология», «5В011200-химия», «5В060600-химия» білім беру бағдарламаларының мазмұны толығымен қарастырылып, талқыланды. Жұмыс берушілердің сұранысымен «6В01507-химия», «6В01508-химия-биология» білім беру бағдарламаларына «физика-химиялық зерттеу әдістері» пәнін енгізу жоспарланды.
Білім алушылардың бойында қарастырылатын құзыреттіліктер жүйесі анықталып, педагогикалық, өндірістік практикаларды ұйымдастыру жағдайлары қарастырылды.
География кафедрасы
09.03.2021 ж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Жаратылыстану» институты, География кафедрасында 2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын мазмұнын жақсарту үшін Әдістемелік бөлім басшысы Л.Ш.Қиясова, кафедраның профессор оқытушылар құрамы, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер және жұмыс берушілер, атап айтқанда, яғни Алматы қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Даулетбак Гаухар Даулетбаққызы, Шоқан Уәлиханов атындағы атындағы мектептің география пәні мұғалімі Биримкулова Баян Аскербековна, Химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі Шәмшідин Гүлнұр Мелісбекқызының қатысуымен онлайн форматта жиын өтті.
Жиын барысында білім алушылардың теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 6В01510-География, 6В01511-География-Тарих, 6В01512-География-Биология беру бағдарламаларының мазмұны кең түрде талқыланды.
Жұмыс берушілер білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, географиялық білімді тереңдетуге және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін таңдау пәндерін енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, білім алушылардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына және олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік беретін қосымша білім беру (Minor) бағдарламасының атауын заман ағымына сай өзгертуді ұсынды.
Университет қабырғасынан білім алған білім алушылар ертеңгі жас маман екенін ескере отырып, кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, БББ-ның мазмұнын заман ағымына сай жаңартып, сапасын жоғарылату басты мақсат болып отыр. Білім берудің сапасы кадрлардың кәсіби дайындығына байланысты екендігін айта келіп, бәсекеге қабілетті БББ дайындап, нарықтың қажеттілігіне сай мамандардың университет қабырғасынан шығаратынымызға сеніміміз мол!
Бөлісу: