Кәсіби білім беру – заман талабы



    • Кәсіби білім беру – заман талабы

      2021 жылдың 18 ақпан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Филология институтының ұйымдастыруымен  Алматы қаласы, Алматы облысының жұмыс берушілері  және республикалық  мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне «Кәсіби білім беру – заман талабы» атты онлайн конференция өтті.

      Онлайн конференцияның  мақсаты – жұмыс берушілер мен  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6В02301 – Филология», «6В01702 – ҚТОМҚТӘ», «6В01704 –Қазақ, орыс тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламаларын таныстыру, білім бағдарламалары туралы жұмыс берушілердің ұсыныс пікірлерін тыңдау, саралау. 

      Қыздар университетінің оқу және оқу-әдістемелік проректоры Е.Н.Жуманкулова онлайн конференцияның жұмысына сәттілік тілеп, жұмыс берушілерге ризашылығын білдірді. Филология институтының директоры Т.Н.Ермекова жұмыс берушілерге онлайн конференцияның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.  Білім беру бағдарламаларын таныстыру кафедра меңгерушілеріне жүктелді.

      Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А.Көшекова «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасын, Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., профессор м.а. Ж.К.Отарбекова «6В02301 – Филология», «6В01701–ҚТОМҚТӘ», «6В01704–Қазақ, орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларын таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына толық ақпараттар берді. Кафедра меңгерушілері  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арнайы ұйымдастырылған оқытушы-профессорлардың авторлық дәрістердің сапалы мазмұнды өтуіне де ерекше тоқталып өтті.

      Сонымен қатар, жұмыс берушілер де туралы ойларын ортаға салып, өз ұсыныстарын білдірді.

      Бөлісу: