Педагогикалық байқаудың жеңімпазы атанды



    • Педагогикалық байқаудың жеңімпазы атанды

      ТАРАЗ. 4 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің 4 курс студенттері Жанерке Абдулла,  Ақтоты Бимырзаева және Аида Тағаймұрат «Үздік педагогикалық өнім – 2021» республикалық байқауында «Үздік ғылыми жоба» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды.

      Жобаның атауы – «Мектеп жасына дейінгі балалардың өлкетану іс-әрекетінде құндылық бағдарын қалыптастыру».

      Студенттердің ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ақгүл Жұбандықова.

      Айта кетейік, екінші Халықаралық педагогикалық оқулары аясында өткізілген «Үздік педагогикалық өнім – 2021» байқауы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылды.

      Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау,  Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру, білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру.

      Педагогикалық оқулары аясындаға байқауға 435 жұмыс келіп түсті. Соның ішінде 350 қатысушының инновациялық тәжірибесі үздік деп танылған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: