Инклюзивті білім беруге арналған конференция өтеді



    • Инклюзивті білім беруге арналған конференция өтеді

      АЛМАТЫ. 2 наурыз. Баспасөз орталығы – 13 сәуірде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасының интеграциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      Онлайн режімде ұйымдастырылатын басқосудың мақсаты – инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құру, оқытушылар мен білім беру ұйымдарының жетекшілерімен  тәжірибе алмасу.

      Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы мұрындық болған конференция жұмысы 3 бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда, қатысушылар «Жалпы білім беру ортасында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мәселесінің теориялық аспектілері», «Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар мен әдістемелер», «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қашықтан оқыту арқылы білім беру» ғылыми бағыттары бойынша өзара тәжіри алмаспақ.

      Конференция барысында қатысушылар мен қонақтардың онлайн кездесулері, шетелдік және отандық ғалымдардың шеберлік-сабақтары мен семинар-тренингтері де өткізілмек.

      Конференция материалдары электронды жинақ түрінде жарияланады. Жиында баяндама жасағандарға арнайы сертификат беріледі.

      Арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасының интеграциясы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хатын мына жерден жүктей аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: