«Стресті жеңу жолдары» тренингі өтті



    • «Стресті жеңу жолдары» тренингі өтті

      2025 жылғы 13 қазанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары Ақбота Нұрланқызы мен Назерке Есенаманқызы 2–3 курс студенттеріне арналған «Стресті жеңу жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

      Тренингтің негізгі мақсаты – аралық бақылау кезеңіндегі стрестен арылу, ішкі күйзелісті басқару және эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыру. Шара барысында қатысушылар тыныс алу жаттығуларын орындап, релаксация әдістерін меңгерді. Сондай-ақ өзін-өзі реттеу мен позитивті ойлауды дамытуға бағытталған тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

      Психологтар оқу үдерісінде кездесетін қобалжу мен күйзелістің себептерін талдап, стрестің алдын алу мен психологиялық саулықты сақтау жөнінде кеңестер берді. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

      Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3: «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асырылып отыр. Менталды денсаулықты дамыту орталығы алдағы уақытта да студенттердің психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған түрлі форматтағы тренингтер мен кездесулер өткізуді жалғастырмақ.

      Бөлісу: