Уақытты басқару өнері: студенттер тиімді жоспарлау дағдыларын меңгерді



    • Уақытты басқару өнері: студенттер тиімді жоспарлау дағдыларын меңгерді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №1 студенттер үйінде 2025 жылғы 9 қазан күні Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологы Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызының жетекшілігімен студенттерге арналған «Уақытты басқару өнері: мақсатқа жетудің тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өтті.

      Шараның мақсаты – студенттерге уақытты тиімді басқару, мақсат қою және оған жүйелі түрде жету дағдыларын қалыптастыру болды.

      Тренинг барысында қатысушылар тайм-менеджменттің негізгі қағидаларымен танысып, уақытты жоспарлаудың тиімді әдістерін үйренді. Психолог Ақбота Төлеуғалиева өмірлік басымдықтарды айқындау, мотивацияны сақтау және психологиялық кедергілерді еңсеру тәсілдері жөнінде кеңес берді.

      Семинар интерактивті форматта өтіп, студенттер практикалық тапсырмалар орындап, өз күн тәртібін талдап, мақсат картасын құруды үйренді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді жоспарлау мен өзін-өзі дамыту бойынша пайдалы кеңестер алды.

      Іс-шара соңында студенттер уақытты басқарудың жеке және кәсіби табысқа жетудегі маңызын түсініп, болашақ мақсаттарына жету үшін нақты қадамдар белгіледі.

      Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3: «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асуда.

      Бөлісу: