Қарттарға құрмет – ұрпақтар сабақтастығының айнасы



    • Қарттарға құрмет – ұрпақтар сабақтастығының айнасы

      Қазанның 1-і – Қарттар күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері мен қызметкерлері Алмалы ауданындағы жалғыз басты қарияларға арнайы азық-түлік себеттерін жеткізді.

      Жастар қарттардың шаңырағына барып, мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, тұрмыстық істеріне қолғабыс жасап, әңгімелесіп, жылы лебіздерін білдірді.

      Университет ұжымы ұйымдастырған қайырымдылық акциясының басты мақсаты – ардагерлердің қоғамға сіңірген еңбегін бағалау, оларға қамқорлық көрсету және студенттердің бойына ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын сіңіру.

      Айта кетейік, Қыздар университеті бұл бастаманы алдағы уақытта тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр.  Алдағы уақытта волонтер студенттер ай сайын жалғыз басты қарттардың жағдайын біліп, тұрмыстық көмек көрсетуді жүйелі түрде жалғастырады.

      Жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» бағытына сәйкес жүзеге асырылуда.

      Бөлісу: