1-курс студенттеріне қаржылық сауаттылық бойынша мотивациялық дәріс өтті



    • 1-курс студенттеріне қаржылық сауаттылық бойынша мотивациялық дәріс өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен Педагогика және психология институты мен Кәсіби білім беру колледжінің 1-курс студенттеріне мотивациялық дәріс өтті.

      Шараның мақсаты – студенттердің қаржылық мәдениетін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуын қолдау, сондай-ақ бәсекеге қабілетті әрі әлеуметтік жауапты тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау болды.

      Кездесудің қонағы – «ТАБЫСТЫ WOMEN» бағдарламасының негізін қалаушы, медиа және маркетинг саласында 8 жыл тәжірибесі бар, тұлғалық даму мен қаржылық сауаттылық бағытында менторлық жасап жүрген кәсіпкер, инвестор, коуч Нұрсұлу Төленова. Ол дәріс барысында қаражатты басқарудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, студенттерге пайдалы кеңестер берді. Атап айтқанда, мемлекеттік жәрдемақыны тиімді пайдалану, шығындарды жоспарлау, үнемдеу мен жинақтаудың маңызы, қажетсіз қарыздан аулақ болу жолдары талқыланды.

      Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі болып табылатын ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» және ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» бағыттарына сай жүзеге асырылды. Жоба студенттердің қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби дамуына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына серпін берді.

      Бөлісу: