Қонақ дәріс: Түркі қоғамындағы әйел мәселесі – тарихи және гендерлік талдау
-
24 қыркүйек, 2025
Бүгін QyzPU-да Қазан федералдық университетінен арнайы шақырылған профессор Шамиль Фатович Шеймарданов «Түркі қоғамындағы әйел мәселесі» тақырыбында қонақ дәріс басталды. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Тарих кафедрасында өтіп жатқан дәріс 27 қыркүйекке дейін жалғасады.
Бұл дәріс Тарих және Тарих білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттеріне арналған. Шараның басты мақсаты – түркі халықтарының тарихи-мәдени дамуындағы әйелдің рөлін тереңірек түсіндіру, студенттердің гендерлік және тарихи санасын қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту болып табылады.
Дәріс студенттердің ғылыми-танымдық қызығушылығын арттыру, Түркі қоғамындағы гендерлік саясат пен тарихи шындықтарды жан-жақты талдау, шетелдік тәжірибе негізінде білім беру сапасын көтеру, ғылыми және академиялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара – халықаралық әріптестік аясындағы маңызды академиялық тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
Бөлісу: