QyzPU өкілдері Алматыда өткен ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту кеңесіне қатысты
-
11 қыркүйек, 2025
Алматы қаласында қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Маңызды шара ғалымдарды, жоғары оқу орындарының басшыларын, жас зерттеушілерді және инновациялық компаниялардың өкілдерін біріктірді. Қатысушылардың қатарында өз ұсыныстарын ортаға салған QyzPU делегациясы да болды.
Отырыста Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттердің маңыздылығы атап өтіліп, әсіресе жасанды интеллект саласына ерекше назар аударылды. Қазір елде жаңа министрлік құрылу үстінде. Ал Алматы – еліміздегі 254 инновациялық компанияның 52-сі орналасқан жетекші ІТ-хаб болып отыр.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды: «Алматы басқа қалалар үшін үлгі болып, жаңа идеялар мен озық тәжірибелердің орталығына айналуға тиіс», – деп атап өтті.
Кеңесте кадр даярлау мәселесіне де баса мән берілді. Білім беру жүйесін жаңғырту өндірістің сұраныстарына сай келуге және жастардың әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіні айтылды.
Жиынның негізгі бағыттары ретінде экология, сейсмика, инфрақұрылым, зияткерлік әлеует және көші-қон үдерістері белгіленді. Кеңес осы салаларды жүйелі түрде дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша нақты шараларды қолға алмақ.
Бөлісу: