Менталды саулық – табысты оқудың кепілі



    • Менталды саулық – табысты оқудың кепілі

      Бүгін Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 1 курс студенттері үшін менталды саулықты қолдауға арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды.

      Іс-шара барысында Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологы Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы орталықтың негізгі қызмет бағыттарын таныстырып, студенттерге көрсетілетін психологиялық қолдау түрлері мен олардың табысты оқуына және әлеуметтік бейімделуіне тигізетін ықпалын атап өтті.

      Сондай-ақ орталықтың коуч-психологы Мусина Сара Смановна «Психолог көмегінің қаншалықты маңызды?» тақырыбында баяндама жасап, студенттердің өмірінде психологиялық қолдаудың маңызы мен рөлін түсіндірді.

      Кездесу барысында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды.

      Бұл шара жас буынның университет өміріне бейімделуіне, менталды денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және студенттердің өз әлеуетін толық жүзеге асыруына септігін тигізді.

      Бөлісу: