Менталды саулықты қолдау: студенттермен кездесу өтті
-
09 қыркүйек, 2025
Бүгін Педагогика және психология институтының 1 курс студенттеріне арналған менталды саулықты қолдау бағытындағы маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында менталды және физикалық саулықты нығайту, олардың оқу жетістіктері мен өмірлік белсенділігін арттыруға ықпал ету.
Кездесу барысында Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологы Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы сөз сөйлеп, Орталықтың негізгі қызмет бағыттары, студенттерге көрсетілетін психологиялық қолдау түрлері, олардың оқу процесіндегі және әлеуметтік бейімделудегі маңызы туралы жан-жақты баяндады.
Сонымен қатар дәрігер-терапевт Асқарова Зағира Нұрлановна жастардың денсаулығын сақтаудың өзектілігі, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтының артықшылықтары, сондай-ақ аурулардың алдын алу тетіктері жөнінде құнды мәліметтермен бөлісті.
Жиын барысында студенттер мамандарға өз сауалдарын қойып, пікір алмасты. Кездесу студенттердің психологиялық және физикалық саулықты сақтауға деген қызығушылығын арттырып, пайдалы ақпарат алмасу алаңына айналды.
Бөлісу: