Ішкі тыныштық – мықты тұлғаның негізі



    • Ішкі тыныштық – мықты тұлғаның негізі

      Бүгін Филология институтында 1 курс студенттеріне арналған менталды саулықты қолдау бағытындағы маңызды кездесу өтті. Шараны Менталды денсаулықты дамыту орталығы ұйымдастырды.

      Кездесу аясында орталықтың психотерапевті Каримова Раушан Бейдалиевна «Ішкі тыныштық – мықты тұлғаның негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндірмелік дәріс оқыды. Негізгі мақсат – студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын нығайту, күйзеліс пен мазасыздықтың алдын алу, өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.

      Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды, тәжірибелік кеңестермен танысты. Психологиялық жаттығулар орындалып, қатысушылардың өзін-өзі түсіну қабілеттері дамыды.

      Кездесу соңында менталды саулықтың табысты өмір сүрудің басты шарты екені атап өтілді. Ішкі тепе-теңдікке жету – әр адамның өз қолында.

      Бөлісу: